Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және техникалық қамтамасыз ету басқармасы
Мүдделі жеке тұлғалар (оның ішінде репатрианты, оралмандар) жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруде жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiш бередi. (Қазақстан Республикасының Жер кодексі 43-бабы 3-т).
Репатрианттарға (оралмандарға) меншіік немесе жер пайдалану үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасы Жер кодексімен белгіленген құзырететріне шегінде жергілікті атқарушы органдармен беріледі (16,17,18,19 баптар).
Азамататрдың (оның ішінде оралмандардың) жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштері ол түскен уақыттан бастап екі айға дейінгі мерзімде қарастырылады, ал кіші кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру 3 апталық мерзім.
Жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органының шешімі шешім қабылданған соң жеті күн мерзімде меншік құқығын немесе жер пайдадалу құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге табыстай отырып жерге орналастыру негізінде қабылданады.
Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту да жергілікті атқарушы органның шешімімен ресімделеді және негізделуі тиіс, ал өтіні берушіге көшірмесін беру шешім қабылдаған соң жеті күн мерзімде беріледі.
Репатрианттарға (оралмандарға) жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық пен саяжай құрылысы үшін жер учаскесі уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы беріледі, ал тауарлы ауыл шаруышылық өндірісін жүргізу үшін – уақытша жер пайдалану құқығы беріледі:
Оларға жер учаскесіне құқықты саудада (жер конкурстарында) алу қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған соң репатрианттарға (оралмандарға) берілген жер учаскелері жеке меншікке өтеді.