Қызмет

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және техникалық қамтамасыз ету басқармасы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Дирекциясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталық - Қазақстан Республикасы әкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 «Қазақстан республикасының салық төлеушілерінің біркелкі автоматтандырылған деректер банкін құру туралы» және 2000 жылғы 25 қыркүйектегі №1449 «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы» қаулысы, «ЖерҒӨО» 2003 жылғы 17 ақпандағы № 24 бұйрығы негізінде мемлекеттік жер кадастрының деректер қорын жүргізу және жүйелеу, жинау, алып жүру, енгізу мақсатында құрылды.

  1. Қызмет үрдісінде орталық - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерін, қаулыларын, Агенттік пен Мемжерғе-ның бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.
  2. Орталықты Мемжерғе бас директоры басқарады.
  3. МЖК ААЖ дерпартаменті - МЖК ААЖ алып жүру, енгізу, дамыту, құру бойынша жұмысты үйлестіру үшін, МЖК ААЖ дерек қорларда барлық деңгейдегі жер кадастрлық ақпараттарды уақытында және толық жинау үшін құрылды.
  4. Барлық деңгейде, аудандық деңгейді қоса тікелей алып жүруді МЖК ААЖ Мемжерғе құрылымдық бөлігі іске асырады.

МЖК ААЖ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН Қызметі

  1. МЖК ААЖ республикалық деректер базасын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету:
    • МЖК ААЖ Дқ мұрағаттау.
    • Жаңылысқан жағдайда МЖК ААЖ республикалық Дқ кепілді және толық қалпына келтіру.
    • Агенттік тапсырмасы бойынша облыстық кадастрлық орталықтарда МЖК ААЖ Дқ қалпына келтіру.
    • МЖК ААЖ Дқ рұқсат етілмеген қатынаудан қорғау.
    • МЖК ААЖ Дқ-на қатынау артықшылығын шектеу және Агенттік келісімі бойынша артықшылық негізінде оған қатынауға рұқсат беру.
    • Агенттік тапсырмасы бойынша МЖК ААЖ Дқ реттелмеген, күрделі сұратуларды құру және орындау.
  2. МЖК ААЖ республикалық дерек қорларын әкімшілік алып жүру:
    • Облыстық кадастрлық орталық мамандарына аудандық кадастрлық орталықтардың МЖК ААЖ Дқ мақсатты бағытталған жұмыстарын сондай –ақ, аудандық Дқ облыстық Дқ деректерді қолмен толтыруға арналған жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде консультативтік көмек көрсету.
    • Облыстық кадастрлық орталықтардың Дқ-нан МЖК ААЖ республикалық Дқ деректерді жүйелі жинау. қабылданған деректердің бүтіндігі мен дұрыстығын тексеру. қабылданған деректердің қателері жөнінде хаттама жүргізу. Облыстық кадастрлық орталықтардың мамандарынан алынған деректерді қолмен келісімдеу және салыстырып тексеру.
  3. МЖК ААЖ бағдарламалық кешенін дамыту бойынша жұмыстың жалпы үйлесімділігі.

    Бұл жұмыс түрі МЖК ААЖ бағдарламалық кешенін кеңейтуге негізгі тапсырушы ретінде ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі жұмысын, МЖК ААЖ кеңейтуге жататын орындаушылардың жұмысын білдіреді.

    МЖК ААЖ РО қызметіне тапсырыс берушінің жұмыс бөлігі жатады:
    • Тапсырыс берушінің МЖК ААЖ бағдарламалық кешенінің техникалық тапсырмаларын жобалауды кеңейту жөніндегі тапсырмасы бойынша әзірлеу. (бұдан әрі техникалық тапсырмалар).
    • Техникалық тапсырмаларды әзірлеу бөлігінде тапсырыс беруші мамандарына жазбаша және ауызша түрде консультация жүргізу.
    • Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша тапсырыс берушінің мамандары орындаған техникалық тапсырмаларды, логикалық, концептуалдық, техникалық немесе рәсімдеудегі қателерді түзету бөлігінде кеңес беруді қарастыру. Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмаларын Қазақстан республикасы аумағында қабылданған мемлекеттік стандарттарға сәйкес келтіру.
    • ҚР облыстық кадастрлық орталықтарында МЖК ААЖ жаңа бағдарламалық кешендерін орнату.
    • Облыстық кадастрлық орталықтарын МЖК ААЖ бағдарламалық кешендерінің жаңа нұсқаларымен жаңарту.
    • Облыстық кадастрлық орталық мамандарына консультативтік көмек көрсету және аудандық кадастрлық орталықтарда МЖК ААЖ қолданыстағы бағдарламалық кешендерін жаңарту.
    • МЖК ААЖ бағдарламалық кешенімен барлық деңгейде қамтамасыз ететін мамандарды оқыту жұмысын ұйымдастыру-кешендерді орнату, бағдарламалық кешенмен жұмыс істеуге, деректерді мұрағаттауға, елеусіз жаңылыс кезінде деректерді қалпына келтіру машығына үйрету.
    Тапсырушының тапсырмасы бойынша МЖК ААЖ РО функциясын орындаушылардың жұмыс бөлігіне мыналар жатады:
    • Тапсырушы мамандарына МЖК ААЖ бағдарламалық кешенін кеңейтуді құру үшін әлуетті орындаушыларды іздеуде конкурстар ұйымдастыруға консультативтік көмек көрсету.
    • МЖК ААЖ бағдарламалық кешенін кеңейтуді әлуетті орындаушыларды іздеу. әлеуетті жеткізушілерді іздеу.
    • Жер заңдылықтарын және жер кадастрлық жұмыстарды жүргізу әдістері бойынша атқарушы мамандарға ауызша және жазбаша түрде консультация беру.
    • Бағдарламалық өнімдерді кеңейтуді пайдалануға беруде сондай-ақ тестілеу актілерін құруды қосатын атқарушы тапсыратын бақылау тестін өткізу. қажет болған жағдайда атқарушыға бағдарламалық өнімдерді толықтыру үшін қайтару.
    • Атқарушы пайдалануға тапсыратын бағдарламалық өнімдерді актілеу арқылы қабылдау.
  4. МЖК ААЖ әдістемелік алып жүруі:

    әзірлеме:
    • Бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты МЖК ААЖ облыс ындағы қағазды және электронды стандарттарды, компьютерлік жабдықтарды, электронды картографиялауды, атрибутивті жіктемелеу және МЖК ААЖ басқа облыстары жіктемеге, стандартқа сай әзірлеуді талап етеді.
    • МЖК ААЖ бағдарламалық кешенінің барлық деңгейін орнату және жұмыс істеу машығын үйрету үшін оқу курстарын, МЖК ААЖ Дқ деректерін мұрағаттай білуге және жаңылыс болған жағдайда оларды қалпына келтіре білуге үйрету.
    • МЖК ААЖ бағдарламалық кешенінің барлық деңгейі жұмыстарын реттейтін ережелер.
    • Барлық деңгейдегі МЖК ААЖ жаңа бағдарламалық кешенін орнату туралы нұсқаулықтар.
    • Барлық деңгейдегі МЖК ААЖ Дқ мұрағаттау туралы нұсқаулықтар.
    • Барлық деңгейдегі МЖК ААЖ Дқ және МЖК ААЖ бағдарламалық кешендерін қалпына келтіру туралы нұсқаулықтар.
    • Аудандық деңгейдегі МЖК ААЖ бағдарламалық кешендері мен МЖК ААЖ Дқ тез қалпына келтіру тапсырмасына тез әрекет жасайтын топ туралы ереже.
    • Мемжерғе басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да әдістемелік, нұсқаулық және ұйымдастыру материалдары.

Қазақстан Республикасы Автоматтандыру және байланыс агенттігі 2006 жылдың 7 қарашасында Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы куәлікті тапсырды.

Геоақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жобаларды әзірлеу және енгізу келесі дипомдар мен мақтау қағаздарымен бағаланды.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен ақпараттық жүйенің Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған стандарттар мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты берілді.