Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиялар беру тәртібі туралы

  1. Жеке тұлғалар үшін мемлекет меншігінен жер учаскесін беру тәртібі туралы
  2. Заңды тұлғалар үшін мемлекет меншігінен жер учаскесін беру тәртібі туралы
  3. Жеке тұлғалар үшін жер учаскесін қайта ресімдеу туралы
  4. Заңды тұлғалар үшін жер учаскесін қайта ресімдеу туралы
  5. Репартрианттарға (оралмандар) жер учаскелерін беру тәртібі
  6. МемжерҒӨО еншілес кәсіпорындарының мекен-жайлары мен телефондары
  7. Жер қатынастары басқармаларының мекен-жайлары мен телефондары
  8. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары мен телефондары
  9. Мемлекет мүддесі үшін жер учаскелерін алып қою туралы заңнаманы соттардың қолданылуы туралы кейбір мәселелер

 

Жерге орналстыру жұмыстарын лицензиялау Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» заңның 7 бабымен және Қазақстан Республикасының «Лицезиялау туралы» заңның 9-бабы 1-тармағының 26 тармақшасымен белгіленген.
Қазақстан Республикасы Үкметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы «Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге өкілетті мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізімі. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді лицензиялауды Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі жүргізеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысымен бекітілген «Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына» сәйкес келетін субъектілерге беріледі.

 

Заңды тұлғалар үшін жерге орналастыру жұмыстарын лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Руководитель организации, претендующей на осуществление лицензируемой деятельности, должен иметь высшее или среднее образование;
  2. Жерге орналастыру ,топграфиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға араналған нұсқаулықтармен көзделген өнімдердің (жұмыстар, қызмететр) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, (оларды метрологиялық зерттеу шартарымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оны сатып алу міндеттемелері) болуы;
  3. Тиісті білімі, жұмыс өтілі мен біліктілігі бар мамандардың болуы;
  4. Әскери және мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қолдана отырып жұмыстарды жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы;

Жеке тұлғалар үшін жерге орналастыру жұмыстарын лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары:

  1. жоғары және орташа білімі, тиісті профилінің болуы;
  2. мамандығы бойынша кем дегенде үш жыл жұмыс өтілінің болуы, Жерге орналастыру ,топграфиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға араналған нұсқаулықтармен көзделген өнімдердің (жұмыстар, қызмететр) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, (оларды метрологиялық зерттеу шартарымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оны сатып алу міндеттемелері) болуы;
  3. мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қолдана отырып жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы.

Қажетті құжаттар:

Заңды тұлғалар лицензия алу үшін

  1. өтініш;
  2. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  3. салық төлеушінің тіркеу туралы куәлігі;
  4. статистикалық карточка;
  5. мамандардың тізімі білімі, мамандығы, жұмыс өтілі туралы құжаттар қосымшасымен бірге;
  6. бар құралдар мен жабдықтардың тізімі;
  7. сәйкестік сертификаты және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттар;
  8. басшының дипломының немесе аттестатының көшірмесі;
  9. лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжат;
  10. құпия мәліметтерді қолдану үшін ұлттық қауіпсіздік органының рұқсаты.

Жеке тұлғалар лицензия алу үшін

  1. өтініш;
  2. жеке куәлік;
  3. жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік , болған жағдайда;
  4. салық төлеушінің тіркеу туралы куәлігі;
  5. бар құралдар мен жабдықтардың тізімі;
  6. сәйкестік сертификаты және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттар;
  7. дипломының және еңбек кітапшасының көшірмесі;
  8. лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжат;
  9. құпия мәліметтерді қолдану үшін ұлттық қауіпсіздік органының рұқсаты.

Заңды және жеке тұлғалардың лицензияларын қайта ресімдеу үшін

Азаматтың, аты-жөні, заңды тұлғаның атауы және лицензияда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда лицензиат бір ай ішінде құжаттардың өзгеруі және лицензиялық алымның төленгіндігі туралы құжаттарды растайтын қосымшалармен бірге лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті жібереді.

Қарау мерзімі

Лицензия бір айдан кем емес мерзімде, ал кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін – барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап он күннен кем емес мерзімде беріледі.
Лицензия лицензиат тиісті жазбаша өтінім берген күннен бастап он күн ішінде қайта ресімделеді.
Дубликатты лицензиат беру барлық қажетті құжаттармен бірге тиісті жазбаша өтінім берген күннен бастап он күн ішінде жүзеге асырылады.

Лицензиялық алым

Жерге орналастыру жұмыстарын лицензиялау үшін лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды.
Лицензияның дубликатын берген кезде де лицензиялық көрсеткіш 10 АЕК құрайды.
Лицензияны қайта ресімдеген кезде 1 АЕК мөлшерінде лицензиялық алым алынады.
АЕК мөлшері 2006 жылы 1030 теңгені құрайды.

Жерге орналастыру жұмыстарына лицензия беру тәртібі туралы ақпарат беру

  1. ҚР 2002 жылғы 03 шілдедегі № 332 «Геодезия және картография туралы» заңы;
  2. ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 «Лицензиялау туралы» заңы;
  3. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы;
  4. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы. Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы № 827 қаулысы;
  5. 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексі «Салық және басқа бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы»;
  6. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялаудың біліктілік талаптарын бекіту туралы. Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысы;
  7. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» № 135-I заңы.