Заңды тұлғалар үшін жер учаскесін қайта ресімдеу туралы

  1. Жеке тұлғалар үшін мемлекет меншігінен жер учаскесін беру тәртібі туралы
  2. Заңды тұлғалар үшін мемлекет меншігінен жер учаскесін беру тәртібі туралы
  3. Жеке тұлғалар үшін жер учаскесін қайта ресімдеу туралы
  4. Заңды тұлғалар үшін жер учаскесін қайта ресімдеу туралы
  5. Репартрианттарға (оралмандар) жер учаскелерін беру тәртібі
  6. МемжерҒӨО еншілес кәсіпорындарының мекен-жайлары мен телефондары
  7. Жер қатынастары басқармаларының мекен-жайлары мен телефондары
  8. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары мен телефондары
  9. Мемлекет мүддесі үшін жер учаскелерін алып қою туралы заңнаманы соттардың қолданылуы туралы кейбір мәселелер

Жеке тұлғалар үшін жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеудің нормалары туралы ақпаратты үсыну

Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңына сәйкес жеке тұлғаларға берілген жер учаскелерінің құқық белгілейтін құжаттар Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен белгіленген жер учаскелері құқытарының өзгеруін ескере отырып заңды күшін сақтайды.
Мұндай құжаттарды жер учаскесі құқығы мен жер пайдалану құқығын белгілейтін құжаттарға ауыстыру құқық иегерінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Бұрын қолданыста болған заңнамаға жеке тұлғаға иелік ету және пайдалану құқығына берілген жер учаскесіне құқық куәландыру құжаттарын қайта ресімдеу туралы өтінім жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өкілетті органға беріледі.
Заңды тұлғалар үшін жер учаскелеріне құқықты қайта ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты беру.

Өтінішке:

  • жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат, ал ол жоқ болған жағдайда – осы учаскені берген атқарушы органның шешімі;
  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің куәлігі, статистикалық карточка.

Зерттеу барысында жер учаскесінің шекаралары, оның алаңы, нысаналы пайдаланылуы өзгергені анықталған жағдайда бұл өзгерістер жергілікті атқарушы органмен қайта бекітуге жатады.
Жер учаскесіне құқық куәландыратын құжатты дайындау жұмыстары өтініш берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеуді өтініш беруші жер учаскенің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында жүргізеді.

Жер учаскесінің меншік иесі өзгерген кезде жер учаскесінің құқығын ресімдеу

Азаматтық-құқықытық мәміле жасау (сатып ал-сату, сыйға тарту, ауыстыру) нәтижесінде алынған немесе әмбебап құқық иегері тәртібінде алынған (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) жер учаскесіне құқықты ресімдеу туралы өтінім жер учаскесінің орналасқан жеру бойынша уәкілетті органға беріледі.
Өтінімге құқы белгілейтін құжат (сатып алу-сату шарты, айырбастау, сыйға тарту), мұрагерлік туралы куәлік, жер учаскесіне немесе жер пайдаланудың жеке меншік құқығын тану туралы сот органының шешімі) және оның көшірмелері, жер учаскесінің бұрынғы меншік иесінің (жер пайдаланушының) құқықты мемлекеттік тіркеуімен бірге жер учаскесінің құқықты куәландыратын құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері.
Өтінімге сондай-ақ:

  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің куәлігі, статистикалық карточка қоса беріледі.

Уәкілетті орган аталған құжаттарды тексереді және оларды жер-кадастрлық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу үшін, жер учаскесіне құқық куәландыру құжаттарын дайындау үшін жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорынға жібереді.
Мамандандырылған кәсіпорын өтініш берушінің қаражаты есебінен жер учаскесіне құқық куәландыру құжатын дайындау жұмысын орындайды және оған қол қою үшін уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган қол қойылған құқық куәландыру құжатын жер учаскесінің жаңа меншік иесіне (жер пайдалануға) береді.
Жер учаскесі құқығын мемлекеттік тіркеуді өтініш беруші белгіленген тәртіпте жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында жүргізіледі.

Бөлінетін жер учаскесін бөлу кезінде жер учаскесіне құқықты ресімдеу

Заңды тұлғаның меншік иесіндегі бөлінетін жер учаскесін бөлуді ресімдеу үшін мүдделі тұлға жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органға өтініш білдіреді.
Өтінімге мемлекеттік тіркеумен бірге жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат, жер учаскесінің ауыртпалығы жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы қоса беріледі.
Өтінімге сондай-ақ:

  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, салық төлеу куәлігі, статистикалық карточкасы қоса беріледі.

 

Уәкілетті орган өтінімді тіркейді, аталған құжаттарды тексеріледі, жер учаскесін бөлу мүмкіндігін анықтайды және оң қорытынды жасалған жағдайда жерге орналастыру жобасын жасауға рұқсат береді.
Өтініш беруші жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге құқығы бар жерге орналастыру жобасын әзірлеушіні өзі таңдайды.
Бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде әзірлеуші жергілікті жерде бұрынғы жер учаскесін бөлу нәтижесінде пайда болған жер учаскесінің шекарасын белгілейді.
Жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын өтініш берушінің қаражаты есебінен жер учаскесінің құқық куәландыру құжатын дайындайды және оған қол қою үшін уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган жер учаскесінің меншік иесіне қол қойылған құқық куәландыру құжатын береді.

 

Екі немесе бірнеше учаскелерді біріктіру жолымен қалыптастырылған жер учаскелеріне құқықтыресімдеу

Жеке меншікте немес жер пайдаланудағы екі немесе бірнеше жер учаскелерін біріктіру кезінде біріктірілген жер учаскесіне құқықты куәландыру құжатын ресімдеу және беру туралы өтінім жер учаскесінің орналасқан жер ібойынша уәкілетті органға беріледі.
Өтінімге біріктіретін жер учаскелерінің құқық куәландыру құжаттары мемлекеттік тіркеумен бірге, жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын орган берген жер учаскесіне ауыртпалықтың болуы (жоқтығы) туралы анықтама қоса беріледі.
Өтінімге сондай-ақ:

  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, салық төлеу куәлігі, статистикалық карточкасы қоса беріледі.

 

Уәкілетті орган аталған құжаттарды тексереді, жер учаскесін біріктіру мүмкіндігі анықтайды және оң қорытынды жасалған жағдайда ұсынылған құжаттар көшірмесін жер учаскесіне жер-кадастрлық істерді қалыптастыру және құқық куәландыру құжатын дайындау үшін жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынға жібереді.
Уәкілетті орган құқық куәландыру құжатына қол қояды және оны өтініш берушіге береді.
Біріктірілген жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеуді өтініш беруші белгіленген тәртіпте жер учаскесінің орналасқан жерібойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында жүргізіледі.

 

Нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты жер учаскесіне құқықты ресімдеу

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және тиісті құқықты ресімдеу туралы өтініш облыстың (республикалық маңызы бар қалалар), ауданның (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органына, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне беріледі.
Өтінішке:

  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, салық төлеу куәлігі, статистикалық карточкасы қоса беріледі.

 

Өтінішке мемлекеттік тіркеумен бірге жер учаскесіне құқық куәландыру құжаты қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органынның тапсырмасы бойынша уәкілетті органы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өтінімді тіркейді және жер комиссиясымен бірге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерут немесе оны өзгертуден бас тарту мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды.
Комиссия қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы орган жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерут немесе берілген өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін құрылысқа арналған жер учаскелерінің нысаналы мақсатықызмет түріне қарамастан ғимаратқа және құрылысқа қызмет көрсету ретінде белгіленеді.
Мамандандырылған кәсіпорын жер-кадастрлық құжаттамаға тиісті өзгерту енгізеді және бекіту үшін уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган құқық куәландыру құжатын бектеді және оның өтініш берушіге тапсырады.
Жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін өтеусіз берілген жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде жер учаскесінің меншік иесі бджет кірісіне өзгертілген нысаналы мақсаты үшін жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнының тең сомасын төлеуге міндетті.
Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша және оның есебінен мамандандырылған кәсіпорын жер учаскесінің бағалау құнын анықтайды, оны актімен ресімдейді және материалдарды бекіту үшін уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган жер учаскесінің бағалау құны актісін бекітеді және сатып алу-сату шартын жасасады және жергілікті атқарушы органның шешімінің данасымен оны өтініш берушіге тапсырады.
Жер учаскесінің сатп алу-сату шарты және жер учаскесінің сатып алу бағасын төлеу туралы құжат жер учаскесіне құқық куәландыру құжатын дайындау мен беруге негіздеме болады.
Жер учаскесі құқығын мемлекеттік тіркеуді өтініш беруші жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында жүргізеді.

 

Жеке тұлғалар үшін мемлекет меншігінен жер учаскесін беру (жер учаскесін ресімдеу) тәртібі туралы ақпарт беру қызметі бойынша құжаттардың тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы жер кодексі;
  2. жер учаскелерін жеке меншіккеберу кезінде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға тапсырған кезде жер уучаскелері үшін, сондай-ақ жер учаскелерінің жалдау құқығын сату үшін төлемнің базалық ставкаларын белгілеу туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысы;
  3. Жер учаскесіне құқық куәландыру құжаттарының нысанын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 851 қаулысы;
  4. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы;
  5. 2006 жылғы 14 маусымдағы № 74-П жер учаскесіне құқықты ресімдеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық;
  6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 «Қазақстан Республикасында шетел азаматарының құқықтық ережелері туралы» заңы.