Заңды тұлғалар үшін мемлекет меншігінен жер учаскесін беру тәртібі туралы ақпарат (жер учаскесін ресімдеу)

  1. Жеке тұлғалар үшін мемлекет меншігінен жер учаскесін беру тәртібі туралы
  2. Заңды тұлғалар үшін мемлекет меншігінен жер учаскесін беру тәртібі туралы
  3. Жеке тұлғалар үшін жер учаскесін қайта ресімдеу туралы
  4. Заңды тұлғалар үшін жер учаскесін қайта ресімдеу туралы
  5. Репартрианттарға (оралмандар) жер учаскелерін беру тәртібі
  6. МемжерҒӨО еншілес кәсіпорындарының мекен-жайлары мен телефондары
  7. Жер қатынастары басқармаларының мекен-жайлары мен телефондары
  8. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары мен телефондары
  9. Мемлекет мүддесі үшін жер учаскелерін алып қою туралы заңнаманы соттардың қолданылуы туралы кейбір мәселелер

Заңды тұлғалар үшін мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру нормалары туралы ақпарат беру

Жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға беруді өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) , ауданның (облыстық маңызы бар қалалар),жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қала , кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі жүзеге асырады.
Мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскесіне құқық беру келесі жүйеде беріледі:

  • жер учаскесіне тиісті құқықтарды беру туралы өтінім жазу;
  • жазылған өтінімді қанағаттандыру мүмкіндігін анықтау (жер учаскесін алдын ала таңдау);
  • жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;
  • жер учаскесіне құқықтарды беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімдер қабылдауы;
  • жергіоікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
  • жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау және беру;
  • жер учаскелерінің құқықтарын мемлекеттік тіркеу.

Заңды тұлғалар үшін мемлекеттік меншіктен берілген жер учаскелеріне құқытарды ресімдеу тәртібі туралы ақпарат беру

Жер учаскесіне жер пайдалану дың меншік құқығын беруге мүдделі заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың, ауданның жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне өтініш береді.

Өтініште келесілер көрсетілуі тиіс:

  • жер учаскесін пайдалану мақсаты;
  • оның болжамды мөлшері;
  • орналасқан жері;
  • пайдаланудың сұрап отырған құқығы.

Өтінішке қоса берілетін құжаттардың құрамы:

Өтініш беруші қажетті құжаттарды ұсынған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш қарауға қабылданады. Қоса берілетін құжаттардың құрамы жер учаскесіне сұрап отырған құқығына, оның нысаналы мақсатына, беру тәртібі мен жағдайына байланысты. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішке келесі құжаттар берілуі тиіс:

  • заңдытұлғаның мімлекеттік тіркеуі туралы куәлік;
  • статистикалық карточка;
  • салық төлеушінің куәлігі.

 

Құрылыс объектілер және жылжымайтын мүліктің қолданыстағы объектілерін дамыту үшін қосымша берілген жерлер:

 

  • құрылыс объектілерін орналастыру схемалары;
  • қолданыстағы жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат

 

Пайдалы қазбаларды әзірлеу:

 

  • кен орындарының контрактілерінің көшірмесі;

 

шаруа (фермер) қожалығын жүргізу:

 

  • шаруа (фермер) қожалығының басшысы немесе оны ауыстыратыын адамның және мүшелерімен қол қойылатын шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің тізімі.

 

Кіші кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру өтініштері үш күндік мерзімде қарастырылады, ол аралықта жер учаскесін беру (немесе бас тарту) мүмкіндігі анықталады.

 

Жеке тұлғалар үшін мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру тәртібі (жер учаскесін ресімдеу) туралы ақпаратты беру қызмет бойынша құжаттардың тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі № 442;
  2. Жерді жеке меншікке берген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға тапсырған кезде же учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерінің жалдау құқығын сату үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысы № 890;
  3. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың нысанын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысы № 851;
  4. «Қазақста Республикасы жэер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы қаулысы № 14;
  5. 2006 жылғы 14 маусымдағы жер учаскесіне құқықты ресімдеу туралы әдістемелік нұсқаулық № 74-П;
  6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасында шетел азаматарының құқықтық жағдайы туралы» заңы № 2337.