«ҚР мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жобасы» 2002-2007 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

Жоба үш кезеңмен жүзеге асырылады:

    І - кезең - 2002-2003 жылдар;
    ІІ - кезең - 2003-2005 жылдар;
    ІІІ - кезең - 2005-2007 жылдар.

Жоба инфрақұрылымды сипатқа бағытталған және тікелей, әсіресе жанама ақша ағыны жағынан алсағ Мемлекеттік бюджетке экономика жағынан тиімділігі жоғары болып табылады.

Жоба құрудың негізгі мақсаты басқару жүйелері мен әдістерін жетілдіру, республикада бақылау мен координация механизмдерін тиімді енгізу, бұны жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты жоспарлы және жүйелі іске асыру шарттары болған кезде жүзеге асыруға болады, Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүзеге асыру жолымен азаматтар мен қоғам сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жер нарығына инвестициялық қызметтерді ынталандыру және оны шаруашылық айналымға тарту.

Жобаның негізгі міндеті:

  • мемлекеттік жер кадастрын құру аймағында мемлекеттік саясаттың нормативтік базасын жетілдіру мен әзірлеу;
  • қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін қалыптастыру;
  • жерді тіркеу және бағалау жұмыстарын жүргізу барысында олармен байланысты жылжымайтын мүлік пен меншіктің барлық нысанындағы жер учаскелерін мемлекеттік кадастрлық есепке алуды орнату, кадастрлық есептің объектілері туралы автоматтандырылған деректер базасын құру;
  • мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік жер кадастрының бағдарламалы-техникалық кешенін, қазіргі отандық ақпараттар технологиясы мен бағдарламалық жабдықтарды, ақпараттарды қорғау құралдарын, қалыптастыру процесінде автоматтандыруды қаматамасыз етуді, жер учаскелерін бағалау мен есепке алуды жандандыру;
  • қалыптасумен, мемлекеттік тіркеумен, техникалық түгендеумен, бағалаумен, құқықтарды тіркеумен, салық салумен, басқару және жер мен жылжымайтын мүлікті иеленумен, электронды алмасу арасындағы мәліметтер жүйесін құруға байланысты ақпараттық жүйені қатар қолдануды қамтамасыз ету;

Жоба шеңберінде жүзеге асырылып жатқан шаралар жүйесі кезеңдер мен жүзеге асыру мерзімі, қаржыландыру көлемі мен мемлекеттік жер кадастрының деректер базасын бір мезгілде қалыптастыру жерге мемлекеттік меншікті шектеу процесін үздіксіз қамтамасыз ету, жер қатынастарын реттеу мен реформалау бойынша байланыстырылған.

ҚР МЖК ААЖ жүйесін құруда келесі жүйе тармақтарын болжайды:

  1. «Бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі мен меншік иелері (БМЖТ)» - нақты учаске бойынша кадастрлық (атрибутивтік және географиялық) деректерді өзектендіру мен жинау жөніндегі бағдарламалық кешен.
  2. «Жер балансы» жүйе тармағы - әкімшілік бөлігінде кадастрлық деректерді өзектілігі мен қалыптастыру, жинау жөніндегі бағдарламалық кешен.
  3. «Салық салу мақсатына арналған мемлекеттік кадастрлық бағалау» жүйе тармағы - экономикалық деректер базасын қалыптастыру және нақты жер учаскелерін бағалау процесін автоматтандыруға арналған бағдарламалық кешен;
  4. «БМЖТ деректер базасында құқықты куәландыратын құжаттарды қалыптастыру және басу» жүйе тармағы - жердің мемлекеттік актісі, жер жоспарын, жалдау шарттарын, кадастрлық істерді уақытында қалыптастыру мен басуға арналған бағдарламалық кешен.
  5. «Жерді мемлекеттік бақылау» - сәйкес деректер базасы қалыптасқан жер заңдылықтарын бұзуды бақылау мен инспекторлауды автоматтандыруға арналған бағдарламалық кешен.
  6. «Ақпараттарды қорғау» - кадастрлық деректерді (атрибутивтік және географиялық бөліктер) тапсыру мен сақтау, мемлекеттік құпиялар мен қызметтік ақпараттарды қалыптастыру кезінде қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.
  7. «Кадастрлық мамандарды WEB портал базасында оқыту» - мемлекеттік WEB порталда кадастрлық қызметтің мамандарын сертификаттау және оқу процесіне арналған қызметтік интерактивті бет құру.
  8. WEB портал базасында жеке және заңды тұлғаларға арналған апараттық . – анықтамалық жүйе тармағы.
  9. «Кадастрлық деректерді тапсыру» - бір сәтте (уақытта) тапсыру мен қабылдауға арналған (атрибутивтік және географиялық деректер) кадастрлық деректердің қалыптасуын қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.
  10. «Деректердің орны» - бір мезгілде өндірістік деректер базасының аналитикалық жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.
  11. «Жер конкурсы, аукцион» - сәйкес деректер базасын құру, нақты және интерактивтік конкурстар өткізу, мемлекеттік WEB порталдың ашық бетіне деректерді жариялау, бос жатқан аумақты іздеу, оларды мемлекеттік бағалауды автоматтандыруға арналған бағдарламалық кешен.
  12. «Жер төлемдері» - жер төлемдері туралы деректермен алмасу және қалыптастыру, оларды қорытындылау, сәйкес деректер базасын құру жөніндегі бағдарламалық кешен.
  13. «Мұрағат» - қағаз жүзіндегі мұрғаттардың электронды нұсқасын құру, кезекші кадастрлық карталардың басылған түпнұсқаларын мезгіл-мезгіл дайындау, кадастрлық деректерді мұрағаттауды қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.
  14. «Пайдаланушылармен жұмыс» - жер- кадастрлық ақпаратқа қызғушылық білдірген адамдар, мекемелер мен өзге де ведомстволар,мемлекеттік органдар, әкімет сұраныстарымен жұмысты қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.
  15. «Кадастрлық құжат айналымы» – күнделікті жылжымайтын мүлікпен көп мөлшерде мәміле жасалатын қалалардағы жер учаскесіне құқық беруді рәсімдеу кезінде жұмысты бақылауды қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.
  16. қызметтік және басқа да тармақтар – бағдарламаны жүзеге асыру барысында туындайтын қажеттіліктер, жүйе тармақтар.

МЖК ААЖ сияқты кең көлемді аумақты таралған жүйені қаржылық, материалды-техникалық және кадр ресурстары қатаң шектелген жағдайда жоспарлау мен басқарудың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мен құру бағдарламалық-мақсатты әдістерін пайдалана отырып тек кезең-кезең жүзеге асыру мүмкін.

Сондықтан МЖК бағдарламалық-техникалық кешенін енгізу кезең-кезеңмен жергілікті жандандыру қарастырылып жатыр, кадастрлық есеп және БМЖТ жүргізудің жаңа автоматтандырылған технологияларын енгізу, жерлерді межелеу және түгендеу жұмыстарын орныдау, сандық тақырыптық кадастрлық карталарды құру.

Мұнда арнайы оқыту орталығының өрістетілетін инфрақұрылымды базасында ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органдарының мамандарын қайта дайындау және жаппай оқытуды жүргізу міндетті шарт болып табылады.

МЖК ААЖ жүйе тармақтарының алғашқы сатыларын енгізіуде дайындықтан өткен, жерді түгендеу деректері мен жоспарлы-картографиялық материалдары бар және де МЖК фискалды қызметін жүзеге асыруда біршама экономикалық нәтиже беретін аумақтар МЖК ААЖ күрделі ұйымдастыру-техникалық міндеттерін өрістетудің бірінші кезектегі шешімі ретінде қарастырылады.

Алғашқы сатылардың міндеттерін орындаған соң МЖК нормативті-әдістемелік базасын нақтылау мен өңделген типтік шешімдерді кезең-кезеңімен жаппай енгізуге және өрістетілетін бағдарламалық-техникалық кешенде МЖК енгізудің бірыңғай технологиясына көшуді жүзеге асыру жоспарланады.құрылған инфрақұрылым негізінде МЖК ААЖ деректер базасы өзекті мәліметтермен және жүйенің барлық сараланымдарын (сегменттерін) коммуникациялық интегралдауды бір бүтінге толтыру жұмысы жүргізіледі.

Ведомство аралық жоспарда өзара әрекетті құқықтық тіркеу жөніндегі мекемелермен, жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасасудың бірыңғай мемлекеттік құқық тізілімін жүргізушілермен, салық инспекциясымен, мемлекеттік мүлікті басқару комитеті және т.б. деректер алмасу жүзеге асырылуы керек.

МЖК ААЖ құру жөніндегі міндеттерді тиімді және оңтайлырақ шешу үшін қаржыландырудың мынадай күнтізбелік жоспары ұсынылады:

2002 жыл – факт бойынша техно-жұмыс жобасының негізінде МЖК ААЖ екі жүйе тармағын (БМЖТ) - бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі мен жерді пайдаланушыларды (бірыңғай балансы) құру,осы жүйе тармақтарын пилотты аймаққа енгізу, Пилотты аймақтағы агенттіктің аумақтық бөлімшелерін лицензияланған бағдарламалармен және компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету;

2003 жыл – келесі жүйе тармақтарын құру: салық салу мақсатына арналған жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалау, БМЖТ деректер базасындағы жерлерге құқық куәландыратын құжаттарды басу және қалыптастыру, техно-жұмыс жобасының негізінде осы жүйе тармақтарын пилотты аймаққа енгізу, 15 аудан мен 2 облыс орталықтарын компьютермен, офистік және лицензиялы бағдарламалармен қамтамасыз ету;

2004 жыл – келесі жүйе тармақтарын құру: «Жерді мемлекеттік бақылау», «Ақпараттарды қорғау», «Кадастрлық мамандарды WEB портал базасында оқыту», техно-жұмыс жобасының негізінде осы жүйе тармақтарын пилотты аймаққа енгізу, барлық облыстар мен аудан орталықтарында бұрын әзірленген жүйе тармақтарын енгізу, барлық облыстар мен аудан орталықтарын компьютерлік техникамен және лицензиялы бағдарламамен қамтамасыз ету;

2005 жыл – келесі жүйе тармақтарын құру: WEB портал базасында заңды және жеке тұлғаларға арналған ақпараттық-анықтамалық жүйе тармағын, кадастрлық құжат айналымын, «Жер конкурсы, аукционы», техно-жұмыс жобасының негізінде облыстық және аудандық орталықтарда 2004 жылы әзірленген жүйе тармақтарын енгізу, кадастрлық қызмет мамандарын бағдарламалық өнімдермен жұмыс істей білуге үйрету, Республиканың барлық аумақтарындағы кадастрлық ақпараттарды қағаз жүзінен электронды түрге көшіру, республиканың аумақтарында 25% тақырыптық сандық кадастрлық картаны құру;

2006 жыл – келесі жүйе тармақтарын құру: «Кадастрлық деректерді тапсыру», «Мұрағат», «Деректерді сақтау орны», «Пайдаланушылармен жұмыс», техно-жұмыс жобасының негізінде облыстық және аудандық орталықтарда 2005 жылы әзірленген жүйе тармақтарын енгізу, аэрофотограмметриялық жабдықтармен қамтамасыз ету, облыстық және аудандық орталықтарын 50% геодезиялық техникамен, кадастрлық қызмет мамандарын бағдарламалық өнімдермен жұмыс істей білуге үйрету, Республиканың барлық аумақтарында 50% тақырыптық сандық кадастрлық карта құру;

2007 жыл – 2006 жылы әзірленген жүйе тармақтарын барлық облыс және аудан орталықтарына енгізу, облыс және аудан орталықтарын 50% техникамен қатмасыз ету, кадастрлық қызмет мамандарын бағдарламалық өніммен, геодезиялық техникамен жұмыс істей білуге үйрету, елді мекендердің аэрофототүсірімі, қалған аумақтарда тақырыптық сандық карталарды құру. Жылды аяқтау.